ФИФА рейтингі. Қазақстан құрамасы бір сатыға көтерілді

ФИФА рейтингі. Қазақстан құрамасы  бір сатыға көтерілді
Фото: http://cdn.tvc.ru/

 Футболсүйер қауым үшін жақсы жаңалығымыз бар. Жақында ФИФА үздік футбол құрамалар тізімін жариялаған болатын. Біреулер көрсеткіштерін жақсартып, тізімде жақсы нәтиже көрсетсе, енді біреулер бұл тізімге соңына әрең ілігіпті. Тізімді әлем және Еуропа чемпиондары - Испания құрамасы 1566 ұпаймен бастап келеді. Германия құрамасы Голландиядан озып, тізімнің екінші сатысына орналасқан. Уругвай төртінші сатыда болса, Англия бесінші орынды қанағат тұтты. Қазақ футболының жанкүйерлері үшін де бұл жаңалық жағымды болар. Біздің жігіттер бір орын алға жылжып, тізімнің 138-сатысынан көрінді. ФИФА рейтингінде Эфиопиядан қалып қалсақ та, Танзания елінен басым түстік. Жақын көршіміз Ресей өте жақсы көрсеткішке қол жеткізді - 13 орын. Африканың футбол шеберлігі де біршама жаңа деңгейге көтерілген. Осылайша, Африка Кубогін еншілеген Замбия құрамасы бірден 71 орыннан 43-ке көтерілді. Осы рейтинг 7 наурыз күні қайта жаңартылмақ. Оған дейін біздің құрама тағы бірнеше сатыға көтеріліп қалар деген үмітіміз бар.

Форумда талқылау