"Коринтианс" финалға шықты!

"Коринтианс" финалға шықты!

Бразилияның "Коринтианс" командасы Жапонияда өтіп жатқан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды vesti.kz.

"Тойота Стэдиум" стадионында өткен жартылай финалда "Коринтианс" египеттік "Аль-Ахли" командасынан айласын асыра алды. Ойындағы жалғыз гол Хосе Паоло Геррероның еншісіне жазылды. Аталған ойыншы ойынның 30-минутында есепті ашқан болатын.

Айта кетсек, "Коринтианстың" қарсыласы 13 желтоқсан күні анықталады. Атақты ағылшын клубы "Челси" мен мексикалық "Монтеррей" командасы кездеспек.

Турнирдің финалы 16 желтоқсанда өтеді деп жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бесінші орын үшін болған таласта жапониялық "Санфречче Хиросима" командасы кәрістің  "Ульсан Хендай" командасын жеңіп кетті. Ол ойында "күншығыс елінің" өкілдері 3:2 есебімен айқын жеңе алды.

сурет:peskomment.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига