Дестини Хукер - АҚШ-тың жыл волейболшысы!

Дестини Хукер - АҚШ-тың жыл волейболшысы!

Краснодарлық "Динамо" командасында өнер көрсететін Дестини Хукер АҚШ-тың жыл волейболшысы атанып отыр, деп хабарлайды FIVB.

Естеріңізге сала кетсек, Лондон Олимпиадасында Хукер АҚШ құрамасымен бір сапта өнер көрсетіп, финалдық кезеңде Бразилияға есе жіберуге мәжбүр болған-ды.

Сонымен қатар, 25 жастағы спортшының еншісінде Әлем Кубогінің күмісі (2011) мен Орталық, Солтүстік Америка және Кариб бассейндерінде жыл сайын өтіп тұратын Конфедерацияның (NORСECA, 2011) алтыны бар.

сурет:infpol.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Л. Лига