Джокович пен Уильямс - жылдың үздік теннисшілері!

Джокович пен Уильямс - жылдың үздік теннисшілері!

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) серб Новак Джокович пен америкалық Серена Уильямсты 2012 жылдың ең үздік ракетка шеберлері деп тауып отыр.

Джокович осымен екі жыл қатарынан "ITF" сыйлығын иеленіп отыр. Серб спортшысы естеріңізде болса, осы жылы Аустралияда өткен ашық чемпионатты жеңіп, екі бірдей үлкен турнирдің (US Open мен «Ролан Гаррос») финалына жеткен болатын. Сонымен қатар сербиялық жігіт "ATP" турнирінде топ жара алған-ды.

Ал Серена Уильямс болса, өмірінде бірінші рет Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанды. Лондоннан жүлделі оралған бетте 31 жастағы қара қыз US Open мен "Уимблдон" турнирінде оза шауып, үлкен шыңды бағындыра алды. 

Ағайынды Боб пен Майк Брайандар қатарынан тоғыз жыл бойына жұптасып өнер көрсетуден ең үздік "жұп" болып танылып отыр. 

Естеріңізге сала кетсек, марапаттау рәсімі келер жылдың 4 маусымында Франциядағы ашық чемпионаттың өткізілуіне орай тұспа-тұс келеді.

сурет:bloggang.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига