World Grand Prix-2013 Алматыда өтеді

World Grand Prix-2013 Алматыда өтеді

Қазақстан волейбол федерациясы 2013 жылғы 16-18 сәуір аралығында Әлемдік «Гран-приді» Алматыда өткізуге тапсырыс берді. Бұл туралы Қазақстан Волейбол Федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Ертеректе Халықаралық волейбол қауымдастығы 2013 жылғы Әлемдің «Гран-придің» өтетін мезгілерін жаңартқан болатын. Нәтижесінде үш айналым ойындарының бірі 13 желтоқсан күні Қазақстанда өтуі тиіс еді. Енді жаңартылған FIVA-ның нұсқасы бойынша «Гран-при» Алматыда 16-18 сәуір аралығында өтеді.

Айта кетейік, 2013 әлемдік волейбол додасына Аргентина, Болгария, Бразилия, Германия, Нидерланды, Доминикан Республикасы, Италия, Қазақстан, Қытай, Куба, Польша, Пуэрто-Рико, Ресей, Сербия, АҚШ, Таиланд, Түркия, Чехия, Жапония және де Африканың үздік командалары қатысатын болады.  

 Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Л. Лига