86 доп! Лионель Месси Герд Мюллердің рекордын бұзды

86 доп! Лионель Месси Герд Мюллердің рекордын бұзды

Кеше, Испания чемпионатының 15-турында "Барселона" командасының шабуылшысы Лионель Месси "Бетис" қақпасынан екі мәрте саңылау тауып, нәтижесінде бір жылда соғылған голдардың саны жөнінен неміс Герд Мюллердің рекордын жаңартты.

Ине шаншар орын қалмаған «Бенито Вильямарин» стадионында футбол тарихындағы кезекті асу алынды - бір жылда 86 гол!

"Бенфикаға" қарсы өткен ойында жеңіл жарақатпен құтылған аргентиналық сұрмергеннің осы ойынға шығуы екіталай болатын. Каталондық клубтың бақытына орай, миллиондаған көрерменнің ішкі тілегі есепті алаңға бірінші минуттардан шықты. 

Тоқтала кетсек, ойынның 16-минутында Месси осы кезеңдегі 86-шы голды соғып, әйгілі Мюллермен бір қатарда теңесе алған-ды. Іле араға тоғыз минутты салып барып, рекордтық көрсеткішті түбегейлі өзіне аудара алды.

Өз кезегінде "Бетис" командасының жақсы ойынын атап кеткен жөн шығар. Әсіресе, Рубен Кастро гол санын қысқартып та көрді. 

Мессидің аталған жетістікті тағы да өзгерте түсуге алда үш мүмкіндігі бар екен.  

сурет:news.bigmir.net

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига