Роджер Федерер: "2016 жылы Олимпиада ойындарында өнер көрсетпек ойым бар"

Роджер Федерер: "2016 жылы Олимпиада ойындарында өнер көрсетпек ойым бар"

Швейцарлық Роджер Федерер 2016 жылы Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына қатысу үшін жыл сайын өзі өткізіп тұратын ойындардың біршамасынан бас тартпақ. Бұл туралы Tennis.com хабарлайды.

"Мендегі денсаулық пен сана-сезім бір қалыпты болуға тиіс. Әлі бірнеше жылдар бойына ірі жарыс алаңдарында ойын көрсетіп, Бразилияда өтетін Олимпиадаға бара алармын деп үміттенемін. Сондықтан мен мақсат пен бағыт-бағдарды бірнеше жылдарға жоспарлауым керек", - деп ағынан жарылыпты.

Естеріңізде болса, аталған ойыншы Олимпиада ойындары мен Дэвис кубігінде жасындай жарқылдап келіп еді. Енді міне, біршама жасқа келіп қалғанын ескере отырып көп уақытын үйінде тынығумен өткізгісі келеді екен. Сөз соңында, жылына 25-тен астам турнирде өнер көрсететін спортшының мінез-құлқы әр жарыс сайын өзгеріп отыратын көрінеді.

сурет:gotennis.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига