Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Спортпен шұғылдануға арналған 5 қосымша
Спортпен шұғылдануға арналған 5 қосымша

Карантинде уақытты үйде өткізіп, пассив өмірге бой үйретіп келеміз. Тамақты уақытымен ішкенімізбен, калорияны жою үшін мүмкіндік болмайтыны рас. Дегенмен үй жағдайында жаттығуға болатынын естен шығармаңыз. Егерде үйде қалай дұрыс жаттығу жасау керегін білмесеңіз мына 5 қосымша жұмысыңызды жеңілдетеді.

Sworkit Lite

Sworkit Lite – қалаған жаттығуды  таңдап, уақытын белгілеуге мүмкіндігі бар қосымша. Сондай-ақ, кәсіби спортшылар сізге қалай дұрыс жаттығу керегі туралы көрсететін бейнероликтер де бар. Әр жаттығудың нәтижесі қосымшада тіркеліп, келесі жолы жаттығар алдында экранға шығарып отырады.

Платформа: iOSAndroid

Nike Training Club

Nike Training Club – қыздарға арналған қосымша. Әр жаттығуда қажетті нұсқаулықтары бар. Артық салмақ тастауға, дене бітіміңіздің сымбатты болуына ықпал етеді.

Платформа: iOSAndroid

7 минуттық жаттығу

Жаттығуға аз уақыт жұмсағыңыз келсе "7 минуттық  жаттығу" қосымшасы таптырмас құрал. Аса нәтижеге жетпесеңіз де, физикалық бабыңызды бірқалыпта ұстап тұруға көмектеседі. Оған қоса жаттығуды онлайн-жаттықтырушы суреттерді баяндау арқылы түсіндіреді.

Платформа: iOSAndroid

30 days

Дәл бір айға арналған қосымша. Бұл жерде сізге бір айлық жаттығу курсын ұсынады. Қосымшаның ерекшелігі, бірінші күнгі нәтижеңізге қарай 1 айға жоспар құрады. Күн өткен сайын денеге түсетін салмақ артып, жаттығу қиындай түседі. Нәтижесін бір айдан соң көре аласыз.

Платформа: iOSAndroid

Күнделікті жаттығу

Ерлер мен әйелдерге теңдей арналған видеоформат жүзіндегі жаттығу қосымшасы. Бұл қосымшада жаттығуды қалай жасау керегі жайлы нұсқаулықты оқып жатпайсыз. Кәсіби жаттықтырушының видеосын көру арқылы дайындала берсеңіз болады.

Платформа: iOSAndroid

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Freepik
Қосылған күні: 21 сәуір, 17:40