Боксшыларымыз алтын саны бойынша Өзбекстаннан қалып қойды

Бокстан Қазақстан құрамасы Иордания астанасы Амманда өткен Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінде жеті жүлдені қанжығасына байлады.

Финалға шыққан төрт боксшымыздың тек екеуі алтыннан алқа тағынды. 81 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын Бекзат Нұрдәулетов финалда аустралиялық Пауло Аокусоны ұтып, қоржынға бірінші алтынды салды. Артынша соңғы болып шаршы алаңға көтерілген Василий Левит қазақ жанкүйерлерін жерге қаратпады. Финалда Жаңа Зеландиядан келген Давид Никті жеңді.

Күміс жүлдені Әбілхан Аманқұл (75 кило) мен Закир Сафиуллин (63 кило) алды. Оған қоса үздік үштіктен Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кило), Абылайхан Жүсіпов 69 кило) және Серік Теміржанов (57 кило) көрінді. 

Жалпыкомандалық есеп:

Өзбекстан - үш "алтын" және үш "қола"
Қазақстан - екі "алтын", екі "күміс" және үш "қола"
Иордания - бір "алтын", бір "күміс" және үш "қола"
Қытай - бір "алтын" және екі "қола"
Филиппин - бір "алтын"
Аустралия - екі "күміс"
Үндістан - бір "күміс" және үш "қола"
Таиланд пен Жаңа Зеландия - бір "күмістен"
Вьетнам мен Моңғолия - бір "қоладан".

Аймақтық іріктеу турнирінің барлық жүлдегерлері:

52 килоға дейін

Ху Жинхуа (Қытай) - Титисан Панмот (Таиланд) - RSC 

"Қола": Амит (Үндістан) және Шахобиддин Зоиров (Өзбекстан)

57 килоға дейін

Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан) - Мохаммад Абделазиз Алвади (Иордания) - 5:0

"Қола": Серік Теміржанов (Қазақстан) және Ван Дуон Нгуйен (Вьетнам)

63 килоға дейін

Закир Сафиуллин (Қазақстан) - Элнур Абдураимов (Өзбекстан) - 2:3

"Қола": Обада Мохаммад Мустафа Алкасбех (Иордания) және Чинзориг Баатарсух (Моңғолия)

69 килоға дейін

Зеяд Ишаих Хуссейн Ишаш (Иордания) - Викаш Киршан (Үндістан) 

"Қола": Бобо-Усмон Батуров (Өзбекстан) және Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан)

75 килоға дейін

Эумир Марсиал (Филиппин) - Әбілхан Аманқұл (Қазақстан) - 3:2

"Қола": Айниш Кумар (Үндістан) - Танглатихан Туохета Эрбиеке (Қытай)

81 килоға дейін

Бекзад Нұрдәулетов (Қазақстан) - Пауло Аокусо (Аустралия ) - 5:0

"Қола": Одаи Реяд Адел Алхиндави (Иордания) және Даксаин Чен (Қытай)

91 килоға дейін

Василий Левит (Қазақстан) - Давид Ника (Жаңа Зеландия) - 4:1

"Қола": Хуссеин Ишаиш (Иордания) және Санжар Турсунов (Өзбекстан)

91 килодан жоғары

Баходир Жалолов (Өзбекстан) - Джастис Хани (Аустралия ) - 5:0

"Қола": Сатиш Кумар (Үндістан) және Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан)

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында тоғыз Олимпиада жолдамасы бар. Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Бекзат Нұрдаулетов, Василий Левит, Қамшыбек Қонқабаев және Надежда Рябец Токио Олимпиадасының лицензиясын иемденді.