Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / 5 алтын, 19 жүлде. Құрлықтық бәсекедегі рекорд

5 алтын, 19 жүлде. Құрлықтық бәсекедегі рекорд

5 алтын, 19 жүлде. Құрлықтық бәсекедегі рекорд

Үндістанның астанасы Нью-Делиде өткен күрес түрлерінен Азия чемпионаты Қазақстан балуандары үшін нәтижелі болды. Біздің балуандар 19 жүлдені қоржынға салды.

Бозкілемге бірінші шыққан "классиктер" жалпы саны бес жүлдені иемденді. 77 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Тамерлан Шадукаев жарыстың алғашқы күні алтыннан алқа тағынса, Ибрагим Магомадов 72 кило салмақта финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде қарсыласына есе жіберді. Сондай-ақ Хорлан Жақанша (55 кило), Азамат Күстібаев (87 кило) және Мансұр Шадукаевтар (130 кило) жүлдегерлер қатарынан көрінді. Осылайша Бақтияр Байсейітов баптайтын құрама жалпыкомандалық есепте үшінші орынға жайғасты.

Нұрлан Аманқосов баптайтын әйелдер күресінен Қазақстан командасы араға алты жыл салып Азия біріншілігінен алтын алды. Олардың еншсінде екі алтын медаль бар. 53 килода Татьяна Аманжол мен 72 килода Жәмила Бақбергенова қарсылас шақ келтірмей, алтынды қоржынға салды. Жалғыз күмісті 62 килода Аяулым Қасымова жеңіп алса, Валентина Исламова (50 кило), Марина Зуева (55 кило), Аяулым Қасымова (57 кило), Мәдина Бақбергенова (59 кило), Эльмира Сыздықова (76 кило) қола жүлдеге қол жеткізді. 

Бозкілемге соңынан шыққан еркін күрес шеберлері де нәтижелі өнер көрсетті. 74 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Данияр Қайсанов мықтылығын дәлелдеп, Азияның екі дүркін чемпионы атанды. Ал құрлықтық додаға алғаш рет қатысқан Юсуп Батырмурзаев (125 кило) күтпеген жерден алтынды қолқалады. Дәулет Ниязбеков (65 кило), Мейіржан Аширов (70 кило), Илисхан Чилаев (92 кило) пен Әлішер Ерғали (97 кило) қоланы қанағат тұтты.

Осылайша құрлықтық бәсекеде 5 алтын жүлде жеңіп алған Қазақстан құрамасы 1995 және 2014 жылғы чемпионаттардағы көрсеткішін қайталады. Филиппин астанасы Манила мен Астанада өткен Азия чемпионатында біздің балуандар бес алтыннан алған еді. Ал тарихи көрсеткіш Алматыда өткен Азия чемпионатында тіркелді. 2006 жылы Қазақстан балуандары 6 алтын, 2 күміс және 6 қоланы еншілеген болатын.

Жүлделердің жалпы саны бойынша биылғы Азия чемпионаты сәтті болды. Қоржынымызға 19 медаль түскен. Бұған дейінгі рекорд 2016 және 2018 жылғы құрлықтық бәсекеге тиесілі еді. Ол кезде біздің балуандар 17 медальдан жеңіп алған. Бұл жолы екі жүлдеге артық алып, рекордымызды жаңарттық.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: olympic.kz
Қосылған күні: 24 ақпан, 11:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.