Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Қазақстан мен Өзбекстан 13 жылдан соң жолдастық ойын өткізеді

Қазақстан мен Өзбекстан 13 жылдан соң жолдастық ойын өткізеді

Қазақстан мен Өзбекстан 13 жылдан соң жолдастық ойын өткізеді

Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары келесі жылдың наурыз айында жолдастық ойын өткізеді. Бұл туралы Өзбекстан құрамасының бас бапкері Вадим Абрамов мәлімдеді.

- Көктемде Біріккен Араб Әмірлігінде жиналамыз. Өйткені клубтарымыз Чемпиондар лигасына дайындығын сол жерде өткізеді. Футболшыларды ары-бері шақырта бермеу үшін осындай шешімге келдік. Қысқа оқу-жаттығу жиынында екі-үші жолдастық матч өткізуді жоспарлап отырмыз. Наурыз айында Қазақстан федерациямен матч өткізу туралы келісім бар. Басқа қарсыласты алдағы уақытта іздейтін боламыз, - деді Вадим Абрамов Championat Asia басылымына берген сұқбатында.

Әзірге матчтың нақты қай жерде өтетіні белгісіз. Дегенмен алдын ала ақпарат бойынша Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары Ташкентте кездесуі мүмкін.

Екі мемлекет көршілес жатқанымен құрамаларымыз соңғы рет 12 жыл бұрын кездескен болатын. Бір жағынан екі құраманың екі түрлі құрлықта өнер көрсетуіне байланысты болса, екінші жағынан 12 жыл бұрын Шымкентте өткен матчқа байланысты. Бұл туралы сәл кейінірек. Алдымен тарихқа көз жүгіртсек.

Қос құрама өз ара алты ойын өткізген. Оның екеуінде өзбек футболшылары жеңіске жетсе, үшеуі тең аяқталған. Тек бір ғана матчта Қазақстан құрамасы қарсыласынан басым болған.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары бірінші рет 1992 жылы Алматыда кездесті. 1:0 есебімен біздің пайдамызға шешілген бұл ойын Қазақстанның жалғыз жеңісі боларын кім білген. Араға үш салып Ташкентте күш сынасты. Бұл жолы командалар 1:1 есебімен тең тарқасты.

1994 жылы Ташкентте өткен халықаралық турнирде құрамалардың жолы үшінші мәрте түйісті. Тихоновтың пенальтиден соққан добы Өзбекстанға алғашқы жеңісті сыйлады. Дегенмен бұл кездесулердің бәрі ресми емес еді.

1998 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің екінші кезеңінде қос құрама алғаш рет ресми кездесті. Алматыда өткен бірінші ойында тең есеп тіркелсе, өзбек астанасында өткен қарымда матчта алаң қожайындары жауапсыз төрт гол соқты. Бұдан кейін командалардың он жылға жуық жолдары түйіспеді.

Араға он жыл салып Өзбекстан құрамасы Шымкентте өткен халықаралық турнирге қатысты. "Алма-ТВ" Кубогы үшін өткен жарыста Өзбекстан мен Қазақстаннан бөлек Әзербайжан және Қырғызстан құрамалары да бақ сынады. Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы шешуші соңы дауға ұласты. Матч 1:1 есебімен аяқталып, Қазақстан құрамасы Кубок иегері атанды. Өзбек тарапы кездесудің әділ өтпегенін, төреші жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Ойыннан соң сол кездегі Өзбекстан футбол федерациясының қызметкері Әлішер Никимбаев ендігәрі Өзбекстан Қазақстанмен ойнамайды деп ренішін білдірген болатын. 

Міне, 13 жыл өткенде Қазақстан мен Өзбекстан федерациялары жолдастық матч өткізуге келісті. Қазір Қазақстан футбол құрамасы ФИФА рейтингінде 121-ші орында тұрса, Өзбекстан 85-ші сатыда. Наурыз айындағы жолдастық матч қос құраманың қандай деңгейде екенін көрсетіп берері анық.

 
0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: kaz-football.kz
Қосылған күні: 20 қараша, 17:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.