Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткіземіз

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткіземіз

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткіземіз

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша әлем чемпионаты өтеді. Нұр-Сұлтандағы турнир Жапония астанасында өтетін Токио-2020 Олимпиадасына алғашқы іріктеу сайысы болатынымен ерекшеленеді.

Әлем чемпионатында олимпиадалық ойындарға жолдама алу үшін "Барыс Арена" мұз сарайында 100 елдің 993 мықты палуаны күш сынасады.

Мұндай ауқымды спорттық іс-шара спорт қауымдастығында үлкен қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, чемпионатқа 200-ге жуық БАҚ өкілдері тіркеліп, жанкүйерлер 7000-нан астам билеттерді сатып алды.

Мәртебелі меймандар арасында ауыр салмақтағы UFC чемпионы Дэниель Кормьенің, сондай-ақ Халықаралық Олимпиада комитетінің басшылығының келуі күтілуде. Чемпионатқа қатысушылар арасында да көптеген жұлдызды спортшылар бар. Еркін күрес өкілдері арасында 97 келі салмақтағы ресейлік "Танк" Абдулрашид Садулаев пен америкалық Кайл Снайдер арасындағы реваншты ең көп күткен тартыс деп санауға болады. Сондай-ақ, италиялық Франк Чамизо мен америкалық палуан Джордан Барроуздың арасындағы айқын қақтығыс болатыны күтілуде. Үш дүркін Олимпиада чемпионы, кубалық Михайн Лопез Нұр-Сұлтанға Олимпиада жолдамасын жеңіп алу үшін және төрт олимпиадалық алтынды жеңіп алған ерлер мен әйелдер арасындағы алғашқы және жалғыз палуан жапон Каори Ичоға теңесу үшін келеді.

"Алда жауапты ic-шара, біз оған толығымен дайынбыз. Алдымызда қойылған өршіл мақсат – күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізу. Қазақстандық балуандарға келер болсақ, бірнеше күн бұрын 65 келі, 86 келі, 92 келі және 125 келі салмақтарында еркін күрес шеберлері арасында қорытынды белдесулері өткізілді. Осы салмақтарда екі үміткерден болды. Алайда ұлттық құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев және кеңес-жаттықтырушы Маирбек Юсупов басқаратын жаттықтырушылар штабымен екі жеңіске жеткен, әділ таңдау нәтижесі бойынша, әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын ұлттық құраманың ақтық құрамы анықталды. Мен батырларымызды құттықтағым келеді. Жаттықтырушылар құрамы өзінің жоғары біліктілігіне сай, палуандарымызды дұрыс функционалды, физикалық және моральді-психологиялық күйде әлем чемпионатына жеткізуіне үміт артып, балуандарымыздың сапалы және әдемі өнер көрсететіне сенімдіміз", - деді Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ерлан Қожасбай.

Айта кетейік, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты Қазақстан астанасында 14-22 қыркүйек аралығында өтеді. Билеттерді онлайн-сайттардан сатып алуға болады. Құны 1000 теңгеден басталады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 16 тамыз, 14:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.