2012 F1 көлік бәйгесінің Америкадағы жарысы аяқталды

2012 F1 көлік бәйгесінің Америкадағы жарысы аяқталды

19 қараша таңертең (Алматы уақыты бойынша)  2012 жылғы F1 көлік бәйгесінің Америкадағы жарысы жаңа жасалған Остине алаңында өткізілді. Бұл жарыс Америкадағы әуескерлері ең көп спорт түріне жатады. Бұл көлік бәйгесіне бөлінетін және бәске тігілген қаржы мөлшері да қомақты.

Бас жүлдені 1h 35:55:269 нәтижемен McLaren командасының мүшесі Л.Хэмилтон еншіледі.

Әйгілі Қызыл бұқа( Red Bull) командасының мүшесі  С.Феттель екінші орынға, Ferrari командасының спортшысы  Ф.Алонсо үшінші орынға тұрақтады.

Жеңіс тұғырындағы алдыңғы ондық:

1. Л.Хэмилтон McLaren 1h35:55.269

2. С.Феттель Red Bull + 0.675

3. Ф.Алонсо Ferrari + 39.229

4. Ф.Масса Ferrari + 46.013

5. Д.Баттон McLaren + 56.432

6. К.Райкконен Lotus + 1:04.425

7. Р.Грожан Lotus + 1:10.313

8. Н.Хюлкенберг Force India + 1:13.792

9. П.Мальдонадо Williams + 1:14.525

10. Б.Сенна Williams + 1:15.133

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек