Жансая Әлем Чемпионатында күміс медаль алды

Жансая Әлем Чемпионатында күміс медаль алды

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдумәлік Словенияда өтіп жатқан Әлем Чемпионатында 12 жасқа дейінгі юниорлар арасында күміс медальға ие болды.

Айта кетелік, Жансая соңғы сәтке дейін көшбасшылық үшін таласып келді. Алтынға ие болу үшін жерлесіміз үндістандық Риа Савантты жеңіп, ал үндістандық тағы бір спортшы Вайшали соңғы кездесуінде жеңіліске ұшырауын күтуі керек еді. Дегенмен Вайшали қытайлық Юань Емен тең түсті. Ал Жансая Савантты жеңе алмады.

Нәтижесінде Вайшали Әлем Чемпионы атанды. Жансая болса, 8,5 ұпаймен Риа Савант және Юань Е мен Александра Оболонцеваның алдына шығып, күміс жүлдеге ие болды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет:  ©Владимир Дмитриев