Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / "Реалдың" ең жақсы трансфері Роналдуды ұмыттыра ала ма?

"Реалдың" ең жақсы трансфері Роналдуды ұмыттыра ала ма?

"Реал Мадрид" көп күттірген трансферді жүзеге асырды. Клуб енді жаңа дәуірге Азармен бірге қадам басады. Бельгиялық футболшының ресми таныстырылымы 13 маусым күні "Сантяго Бернабеу" стадионында белгіленген. Бұл корольдік клубтың Родриго, Милитао және Йовичтен кейінгі төртінші трансфері. Аталған ойыншыларды сатып алу Переске 255 миллион еуроға түсті. "Реал Мадрид" жазғы трансферге жалпы 600 миллион еуро бөлгені алдын ала хабарланды.

Мадрид арманы 

Мадридтіктер үшін жазғы трансфердегің басты мақсаты орындалды. "Мбаппені корольдік клуб сатып алады", "Неймар "Реалға" ауысады екен" деген сыбыстар шыққанымен, әзірге нақты емес. Биылғы маусымды сәтсіз өткізген, жарақаттан көз ашпайтын Неймарды корольдік клубтың сатып алуы неғайбыл, ал, Мбаппе Перестің көз астына алып қойған футболшысы болуы анық. Қазір Азардан артық, Азардан асып түсер ойыншы реалдықтар үшін жоқ болып тұр. Себебі, маусымды сәтсіз аяқтағасын, Бэйл үмітті ақтамағасын бар "жақсылық" "Реал" жанкүйерлері үшін Азармен келетіндей болып тұр. 

Ол "Челси" үшін қолынан келгенінің бәрін істеді, тіпті маусым соңында да шын жүректен ойнап, Еуропа Лигасының екі дүркін жеңімпазы ретінде жанкүйерлермен әдемі қоштасты. Бельгиялық жұлдызға 30 жастың ауылы алыс емес, 29-дың төбесі көрініп тұр. Азарға Чемпиондар Лигасын жеңіп алып, Криштиану Роналду мен Лионель Месси гегемониясына нүкте қоюына көп уақыт қалған жоқ. Ол үшін Азар кем дегенде 2 не 3 рет алтын допты жеңіп алуы қажет. Бұл туралы өзі: "Әлемнің үздік ойыншысы атануды қалаймын. Егер, олай болмаса жай ғана футболдан ләззат алғым келеді", – деген еді.

©twitter.com

Рауль, Роналду, Азар 

Азар бірнеше жыл корольдік клуб сапында ойнауды армандап келді. Оны жасырған емес, ашықтан ашық айтып та жүрді. Оны өз комондасына қосып алуды Зидан да баяғыдан ойлап жүргенімен, жыл сайын кейінгіге қалдырып келді. 2010 жылдары 19 жастағы болашақ жұлдызды таныған Зидан "Лилль" клубында доп теуіп жүрген жерінен ойланбай-ақ өз командасына қосуды айтқан екен. Не десекте Азардың "Реал" клубына ауысуына Зиданның рөлі зор болды.

Ағылшын басылымдарының жазуынша, бонустармен қоса есептегенде мадридтіктер үшін бұл трансфер рекорд бағада болған – 130 миллион фунт-стерлинг. "Реал" соңғы рет мұндай үлкен суммадағы трансферді 5 жыл бұрын жүзеге асырған еді. Сол кезде корольдік клуб әлем чемпионатында жасындай жарқылдаған Хаместі "Монако" клубынан 80 миллион еуроға ойланбай сатып алған. Бірақ бұл трансфер өзін ақтамады. Сондықтан болар жыл сайын Азарға мәселесі күн тәртібіне қойылғанымен, трансфер уақытында Перес екіленіп қала беретін. Бірақ жыл сайын Азар да әдемі ойын өрнегінен жаңылған емес. 

Міне, биыл аталған трансфер жүзеге асып, Азар ақ жейдені киді. Әзірге оның алатын жалақысы белгілі емес, тек клубпен 5 жылдық келісім-шарт жасасқан. 

Сонымен, Азар "Челси" сапында "АПЛ-де" ең мәртебелі сан 10-нөмірмен ойын көрсетсе, Мадрид клубында ол королдік клубтың ең абыройлы саны 7-нөмірмен алаңға шығады. Кезінде бұл нөмірмен "Реал" аңызы Раул ойнаған, кейін Роналду жасындай жарқылдады. Енді сол қанатты Азар иеленетін болады. 

©Realmadrid.ru

Сол қанаттағы "кептеліс" 

Сол қанат демекші бұл қанатқа лайықты Асенсио бар. Оған былтыр Винисиус келіп қосылды. Ал Азардың ойын өрнегі бәрімізге мәлім, ол дриблинг жасау, жылдамдық, оқыстан қақпаға соққы беру жағынан ешқандай жұлдыз ойыншылардан кем емес. Тіпті "жалған тоғыздықты" да әдемі ойнап береді. Енді "сол қанатта кім ойнайды" дегенге келсек, алаңның бұл шеті әрине Азардікі. Бірақ Эденнің екі аяқпен де соққы жасай алатынын ескерсек болашақта оны, ойын арасында шабуылшы ретінде де көріп қалуымыз ғажап емес. 

0
Рейтинг: +3

Фото: Belnaviny.by
Қосылған күні: 10 маусым, 15:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.