Әбдумәлік Әлем чемпионатында топ жарып келе жатыр

Әбдумәлік Әлем чемпионатында топ жарып келе жатыр

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдумәлік шахматтан өтіп жатқан Әлем чемпионатында турнир кестесінің алдына шықты.

Әбдумәлік осылайша 12 жасар шахматшылар арасында суырылып алға шықты. Жетінші турдың бас матчында жерлесіміз қытайлық Чу Жуо Тонмен кездесті. Екі спортшының да қанжығасында 5,5 ұпайдан болған еді. Ойын нәтижесінде Жансая 6,5 ұпай жинап алға шықты. Келесі турда спортшымыз үндістандық Ваишалимен кездесетін болады.

16 жасқа дейінгі категорияда өнер көрсететін тағы бір жерлесіміз Динара Сәдуақасова болса, қазіргі уақытта қытайлық шахматшы Сяо И Иден 1,5 ұпайға кейін келе жатыр. Жетінші турда Сәдуақасова ресейлік Полина Родионовадан жеңіліп қалды. Енді жерлесіміз тоғыз қарсыласымен 4-орынды бөлісіп отыр.

8 жасар спортшылардың арасындаға ең үздік қазақстандық Әмірхан Маханов болып тұр. Осы категорияда өнер көрсетіп жатқан Бибісара Асаубаева да лидерлар қатарында. 10 жасар шахматшылар арасында Әсел Серікбай (5 ұпай) мен Рамазан Жалмаханов (6 ұпай) та көштің басында келе жатыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©Владимир Дмитриев