"Барселона" – "Ливерпуль". Маусымның басты кездесуі

"Барселона" – "Ливерпуль". Маусымның басты кездесуі
Фото: fcbarcelona.com

Бүгін Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы екінші ойын өтеді. Камп Ноуда жергілікті "Барселона" клубы англиялық "Ливерпуль" ұжымын қабылдайды. 

"Барселона" – "Ливерпуль" – биылғы Чемпиондар лигасындағы ең тартысты өтеді деп болжанып отырған кездесу. Себебі екі команданың да Чемпиондар лигасындағы дәмесі зор. "Барселона" 28 сәуір күні мерзімінен бұрын Ла Лига чемпионы атанып, ендігі күштің барлығын еурододаға жұмсамақ. Каталондық клуб 2015 жылдан бері Чемпиондар лигасында жеңіске жете алмай келе жатқанын ескерсек, биыл өз тарихында алтыншы рет чемпион атану – 2018/2019 маусымындағы Эрнесто Вальверде командасының негізгі мақсатының бірі.

"Ливерпуль" де чемпион атану үшін барын салады. Себебі 2005 жылдан бері мерсисайдтықтар турнирде жетістікке жетпеген. Оның үстіне Премьер лигада "Манчестер Сити" бірінші орынға жеткізбей келеді. Юрген Клопп биылғы маусымда да не чемпиондық атақсыз, не еурокубоксыз қалғысы келмесе, маусым соңындағы барлық ойынға шын беріліп кірісетініне күмән жоқ. 

Бұған дейін бұл екі команда 9 рет кездескен. Оның төртеуін "Ливерпуль" жеңіп, екі ойында "Барселона" жеңімпаз атанған, үш ойын тең аяқталған. 

Командалардың алаңға шығуы мүмкін негізгі құрамы:

"Барселона": Тер Штеген – Роберто, Пике, Ленгле, Альба – Бускетс, Артур, Видаль – Месси, Суарес, Коутиньо.

"Ливерпуль": Алиссон – Александр-Арнольд, Ловрен, Ван Дейк, Милнер – Хендерсон, Фабиньо, Кейта – Салах, Фирмино, Мане.

Ойында нидерландтық Берн Кейперс төреші болады. 

Ойын елорда уақытымен түнгі сағат 01:00-де басталады. Тікелей эфирде қазақстандықтар "QazSport" арнасынан тамашалай алады.

Massaget.kz