ATP санатындағы қорытынды жарысқа кімдер қатысады?

ATP санатындағы қорытынды жарысқа кімдер қатысады?

Лондонда өтетін теннистен жылдың қорытынды турниріне француз Жо-Вильфрид Тсонга және серб Янко Типсаревич жолдама алған соңғы теннисшілер болып тіркелді. Бұл туралы АТР турнирінің ресми сайты хабарлайды.

Жоғарыда аталған қос теннисші де бүгінде Франция астанасы Парижде өтіп жатқан «Masters» турнирінің жартылайфиналына жолдама алып, ATP санатының сегізінші және тоғызыншы сатысында қалды. Сол себепті де қос теннисші «Тұманды альбионда» өтетін үздік теннисшілер жарысына қатысуға құқық алды.

Ертеректе бұл жарысқа швейцариялық Роджер Федерер,

серб Новак Джокович,

британдық Энди Мюррей,

испандық Давид Феррер,

чех Томаш Бердых,

аргентиналық Хуан Мартин дель Потро

жолдама алып қойған болатын.

Айта кетейік, жылдық басты турниріне әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль жарақатына байланысты қатыса алмайды. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: thetennisbulletin.com

Ю. НИКУЛЛИН