Дмитрий Груздев “Тур Хайнан” кезеңінің жеңімпазы

Дмитрий Груздев “Тур Хайнан” кезеңінің жеңімпазы

«Астана» командасының шабандозы Дмитрий Груздев “Тур Хайнан” додасының жеңімпазы атанды. Жалпы есепте Груздев өзінің командаласы, қазақстандық Валентин Иглинскийді да артта қалдырды.

“Тур Хайнан” турнирін «Астана» командасының шабандоздары осымен үшінші мәрте жеңіп алды. Осы уақытқа дейін 2010 және 2011 жылдары бұл додада Валентин Иглинский топ жарған болатын. Сонымен қатар «Астана» командасы да жалпыкомандалық есепте де үшінші мәрте бірінші сатыдан көрініп келеді.  

Дмитрий Груздев бұл жылы басқа жарыс жолдарында команда үшін жақсы жұмыс істеді. Әлем біріншілігінде алтыншы орынды иеленді. Жалпы жыл бойы жақсы бабында болып, міне, Қытай жерінде топ жарып отыр. Бірақ “Тур Хайнан” жарысы ешқандай ұпай бермейтіні өкінішті,- дейді Қазақстан велоспорт федерациясының бас хатшысы Валентин Рехерт. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сухрет: yka.kz

Ю. НИКУЛЛИН