Тоғызқұмалақтан Президент жүлдесіне арналған жарыс өтті

Тоғызқұмалақтан Президент жүлдесіне арналған жарыс өтті

Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының Президентінің жүлдесіне арналған 15-халықаралық турнир биыл Шымкент қаласында өтті. Үстел үстіндегі тартысқа 8 елден 70-тен астам спортшы қатысып, 7 күн бойы бақ сынасты.

Дәстүрлі турнирдің қатысушылары қатарында 8 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 20 спорт шебері болды. Жарыс қорытындысында ерлер арасында тоғыз турда 7,5 ұпай жинаған шымкенттік Ғалымжан Темірбаев бас жүлдені жеңіп алса, жүлделі орыннан Қырғызстан елінің өкілі Қамшыбек Қасымов пен жергілікті спортшы Ербол Момбековтер көрінді.

Әйелдер арасында қызылордалық Әсел Дәлиеваға тең келер тоғызқұмалақшы болмаса, екінші орын Ақтөбе қаласынан келген Диана Кенинаға бұйырды. Қола медаль керекулік Роза Раимбекованың еншісінде. Адамның ойлау қабілетін арттырып, жан-жақты ой-өрісін жетілдіретін қазақтың төл зияткерлік ойыны - тоғызқұмалақ. Тәжірибелері мол  тоғызқұмалақшылардың кездесуі 3 сағатқа дейін созылады. Сондықтан болар, бұл спортты тек оқу үздіктері серік етеді екен.

Құттықожа Ыдырысов, Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ қауымдастығының президенті:

Тоғызқұмалақшылардың қатары тек беске оқитын жасөспірімдер мен жастар. Өйткені, бұл спорт түрі адамды жан-жақты дамытуға көмектеседі.

 Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет:  baq.kz

Ю. НИКУЛЛИН