Астаналық «Барыс» «Динамодан» ұтылды

Астаналық «Барыс» «Динамодан» ұтылды

Астаналық  «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы аясында «Динамо» хоккей клубымен кездесіп, қосымша уақытта 2:1 есебімен ұтылды. Белоруссияның астанасы Минск қаласында өткен тартысты кездесуде негізгі уақыт тең аяқталды.

15 мың көрермен тамашалаған ойынның қосымша уақытында есепті қарсыластар сапынан Стэплтон ашты. Қарымта шабуылда Астаналық «Барыс» командасының шабуылшысы Андрей Гаврилин есепті теңестірсе, «Динамо» хоккей клубының шабуылшысы Лайне бір шайба салып, әріптестерін алға шығарды. Сөйтіп, Динамо хоккей клубы жеңімпаз атанды. Қорытынды есеп – 2:1.

Енді «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы аясында келесі кездесуін бүгін «Дәулет» спорт кешенінде «Авангард» командасына қарсы өткізеді. Ал 14 қараша күні челябинсктік «Трактор», 16 қарашада екатеринбургтық «Автомобилист», 18 қараша күні магнитогорсктік «Металлургке» қарсы ойнайды. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: thenews.kz

Ю. НИКУЛЛИН