Иньеста мансабын Жапонияда жалғастыратын болды

Иньеста мансабын Жапонияда жалғастыратын болды

"Барселонада" 16 жыл ойнаған футболшы Андрес Иньеста мансап жолын Жапонияда жалғастыратын болды. Жартылай қорғаушы "Виссел Кобе" командасымен келісімшартқа қол қойды.

Сәрсенбі күні 34 жастағы футболшы өзінің твиттер парақшасында "Виссел Кобе" клубының басшысы, жапониялық миллиардер Хироси Микитанимен бірге түскен суретін салып, "Досыммен жаңа үйіме қарай", - деп жазған болатын.

Андрес Иньеста каталондық клуб сапында тоғыз рет Испания чемпионы атанып, алты рет ел кубогін, төрт рет Чемпиондар лигасының, үш рет клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды. Сондай-ақ ұлттық құрамамен екі рет Еуропа чемпионатын және бір рет әлем чемпионатында топ жарды.

Ө. Сансызбай