«Астана» баскетбол командасы үздік үштікте

«Астана» баскетбол командасы үздік үштікте

«Астана» баскетбол командасы Біріккен WTB лигасының алғашқы төрт кездесуінің үшеуінде жеңіске жетті. Астаналық команда бір кездесуді өз алаңдарында жеңсе, қалған екі кездесуде сырт алаңда қарсыластарынан басым болды.

Өткен аптада «Астана» Самара қаласында жергілікті «Красные Крылья» командасымен кездесті. Былтырғы маусымда қазақстандық команда Біріккен лигада Самаралық командадан екі кездесуде де жеңіліп қалған болатын. Бұл жолы Маттео Боничиоли шәкірттері былтырғы жеңілістері үшін есе қайтара алды.

Кездесуді ресейлік команда өте ширақ бастап, бірінші кезеңде 20:11 есебімен жеңіске жетті. Бірақ ойынның екінші кезеңінен бастап астаналықтар жинақы ойнап, үлкен үзіліске 33:33 есебімен тең тарқасты. Ал үшінші кезеңде Боничиоли тәлімгерлері ойынның өту барысын толығымен өз қолдарына алып, 66:61 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңістен кейін елордалық команда «А» тобында мәскеулік «Спартак» және санкт-петербургтық «Химки» командасын алға жіберіп, үшінші орында келеді.

Біріккен WTB лигасындағы кезекті ойын енді қарашаның 12-де өтеді. Ол күні «Астана» баскетбол командасы польшалық «Турова» ұжымын өз алаңында қабылдайтын болады. Оған дейін Маттео Боничиоли шәкірттері ішкі біріншілікте 3 және 4 қараша күні «Барыс» командасымен күш сынасатын болады.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: bcastana.kz

Ю. НИКУЛЛИН