Әр отбасынан басталса игі

Әр отбасынан басталса игі
Фото: vesti.kz

Елімізде Универсиада-2017 өтеді деп әзірленгенімізге 5 жыл жылдай уақыт өтіпті. Қазақ халқының ақ ниетіне қарай, аталмыш аламан өте жоғары бағасын алып тарих қойнауына кетті. Универсиаданы жоғары деңгейде өткізуге белсене жұмыс атқарған Универисада-2017 дирекциясының мәлімдеуінше, бұл универсиадада 236 мың 744 билет сатылып, жалпы жарыс тарихында ең көп қатысушылар қызықтаған додалы жарыстың бірі болып саналды. Универсиада тарихында ең жоғары деңгейде ұйымдастырлған жарыс ол Қазақстанда өткен универсиада ойындары –деп әлем ақпарат құралдарының жарыса жазуы - еліміз үшін үлкен мақтаныш болды.

Оңтүстік астанамызда қаншама қысқы спорт түрлеріне арналған су жаңа нысандар бой көтерді. Қазір сол зәулім спорт сарайларының іштерінде спорттың бірнеше түрлерінен үйірмелер ашылып, жас өрендеріміздің спортқа деген қызығушылықтары күн санап артып келеді.

Қысқы спортты жазда ойлғанның еш артықшылығы жоқ.  Бізде бір немқұрайлылық пен жалқаулық деген жаман әдет бар.  Ол ұлы  Абай атамыз айтқандай, «Қолымды мезгілінен кеш сермедімге» алып келетіні айғақ. Сондықтан қыстың қамын жаз ойла –деген қанатты сөзді бүгінгі әңгімеміздің арқау етуге жөн көрдім. Мысалы, қысқы спорт түрлерінен әлемде көш бастайтын Америка, Норвегия, Нидерланд, Швеция, Канада секілді мемлекеттердің таулы аймақтарында  қысқы спорт түрлерінен байрақты жарыстар үзбей өткізіліп тұрады. Еуропа халықтары ала жаздай қысқы спортты дамыту аясында түрлі жобаларды іске асырып жатады екен. Сондықтанда болар Еуропа елдерінің өкілдері қысқы спорт түрлерінен Олимпада, әлем, еуропалық гран-при жарыстарында  топ жарып, жеңіс тұғырынан көрініп жатады. Біз еуропалықтарды өнеріне қызыға да қызғанышпен қарап жатамыз. Дегенмен де, өзімізде бар қаншама мүмкіндікті тиімді қолдана алмай жүргендейміз.

Қыс уақытымен  келіп келіп, уақытымен кетеді. Тек алға ұмтыл, спортпен айналыс. Табиғат бар байлығын қазақтың кең пейіл көңіліне тарту еткен. Соны дұрыс қолдана білуміз қажет. Қазіргі таңда қысқы спорт түрлерінен Қазақстанның әлем аренасындағы аяқ алысы жаман емес. Әсіресе, өткен  Универсиада, Азия ойындары және  әлем чемпионаттарында алтын , күмістермен ел қоржынын толықтырған Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхердтердің тамаша жетістіктері әлем елдерінің Қазақстанға деген құрметтін еселей түсті. Жанбота Алдабергенова секілді қаракөздеріміздің де табысты жолы жас қазақ қыздарына үлгі болды. Дегенменде өсем, өнем деген ел болу үшін жанжақты жұмысты тоқтатпаған ләзім болар.   

Қыстық спортты дамыту үшін ауыл-аймақтан бастаған жөн. Әрине, қаладағы спорт ғимараттары ол ел игілігіндегі дүние екені хақ. Ал, еліміздің қарлы өңірлерде қысқы спортқа көңіл бөлмеу дұрыс емес, әрине. Бала кезімізде көшеде қырық пышақ болып хоккей ойнаушы едік. Сонда хоккей ойнайтын таяқты, өсіп тұрған ағаштарды аралып жүріп, име таяқтарды ғана кесіп алып ойынға қойып кететінбіз. Қазір, барлығы бар заман спорт дүкеннің есігін ашсаң болғаны. Бір ғана мәселе, жастардың осы қысқы спортқа деген қызығушылығын оятатын игілікті істерді көбейткенде ғана барып, болашағымыз жарқын болар. Сол үшін қысқы спортты дамытуды әрбір отбасынан бастағанда ғана үлкен нәтижелерге қол жеткіземіз.

Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ

Ө. Сансызбай