Щукин келесі кезеңге шықты

Щукин келесі кезеңге шықты

Бұл жарыста Қазақстанның екінші теннисшісі де осы кезеңде жеңіске жетті. Бірінші сетте ғана жеңілген Юрий Щукин қалған екі сетте корд иесі Константин Кравчуктан басым түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ресейдің Лермонтов қаласында өтіп жатқан Челленджер сериясында Щукин Кравчукты үш сетте тізе бүктірді. Есеп: 7:6 3:6 3:6.

Естеріңізге сала кетсек, Юрий Щукин жарыстың бірінші кезеңінде ресейлік Ричард Музаевты 6:4 6:2 есебімен ұтқан болатын. 

сурет: prosportkz.kz

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

 

 

Б. Қосмағамбет