Кешегі күннің ойындарына шолу. "Реалдың" соңғы минуттардағы жеңісі

Кешегі күннің ойындарына шолу.  "Реалдың" соңғы минуттардағы жеңісі

Чемпиондар Лигасының бірінші топтық кезеңінде мадридтік "Реал" командасы соңғы минуттарда ғана «Манчестер Ситиден» жеңісті жұлып кете алды - 3:2.

Ойынның бірінші бөлігінде мадридтіктердің тарапынан толассыз шабуылдар орын алғанымен, ешқайсысы қақпа торына дәл барып түспеді. Ойынның ең қызық тұсы екінші ойын бөлігінің алғашқы он минуттығынан кейін бастау алды десек, артық айтқандық болмас. Айта кететін болсақ, қонаққа келген британдық команда өкілдері екі рет есептегі басымдылықты өз қолдарына алғанымен, (Эдин Джеко мен Александр Коларовтың голдары) қолдарында тұрған жеңісті ұстап тұра алмады. Тиісінше Кәрім мен Марсело ойын таразын теңестіріп тастаса, 90-минуттардағы Роналдудың тура соққысы "Реалға" турнирдегі алғашқы жеңісті алып келді.

Чемпиондар Лигасының алғашқы айналымында "Милан" өз алаңында белгиялық "Андерлех" командасымен ұпай бөлісті - 0:0.

Массимилиано Аллегри баптаған футболшылар қарсы қақпаны қаншама рет нысанаға алып баққанмен ойын барысында сол күйі жеңіс голын соға алмай кетті. Осылайша тең түскен екі команда С тобының екінші, үшінші орындарын бөліске салды. Ал испандық "Малага" клубы "Зенит" командасын ойсырай ұтып, топтың көшбасшысына айналды.

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде "ПСЖ" командасы өз алаңында киевтік "Динамоны" 4:1 есебімен ойсырата жеңді. 

Ойындағы есепті париждік футболшылар бірінші таймда-ақ аша алды. Яғни 19 бен 31-минуттар аралығында Максим Коваля қорғаған қақпаға жауапсыз үш гол соғылды. Алдымен Жереми Менеза алып белген айып добын швед сұрмергені Златан Ибрагимович сәтті орындаса, қорғаныста сауатты өрнек көрсетіп жүріп Тиаго Силва екінші голды соға алды. Ал үшінші гол Алекстің еншісіне жазылды.

Екінші ойын бөлігінде француздар айқын басымдылықты қолдарына ала тұра есептегі айырымды үлкейтуге асыға қоймады. Тартысты сәттердің бірінде украиндықтар бір голға дейін есептегі айырымды қысқарта алды (87-минутта Мигел Велозу көзге түсті). Ал Хавьер Пасторе ойынның соңғы нүктесін қойған ойыншы болды.

"Зенит" командасы "Малагадан" 3:0 есебімен ойсырай жеңілді

Қос бірдей голдың авторы Иско атанса, тағы бір гол Хавьер Савиоланың еншісіне жазылды.

Тілге тиек ете кетсек, "Зенит" командасы жұма күні ішкі біріншіліктің аясында өткен"Терекпен" болған ойында 2:0 есебімен жеңілген болатын. Осымен төрт ойынның үшеуінде жеңілген питерлік команданың жолы болмай жүр.

Дортмундық "Боруссия" "Аякстан" айласын асыра алды

Ойындағы жалғыз голды 87-минутта Роберт Левандовски соқты. Екі команданың да одан бұрында гол соғуға мүмкіндіктері бар болатын. Мәселен, Матс Хуммельс 11 метрлік айып добынан мүлт кетіп жатса, "қызғалдақтар елінің" жігіттері қақпашымен үш рет бетпе-бет шығып, бірде-біреуін пайдалана алмады.

Бірінші турдың қорытындысы бойынша "Реал" мен "Боруссия" ұш ұпайға иелік ету арқылы бірінші орынды бөліске салып тұр.

Лондондық "Арсенал" командасы бірінші болып гол жіберіп қойғанмен, ойын соңына дейін«Монпельеге» екі гол соға алды

Ойынның тоғызыншы минутында-ақ "канонирлердің" қақпасын Юнес Бельханд тура соққыға алды. Есесіне шабуылдаушы қонақтар істі кейінге қалдырмауға бекініп, нәтижесінде 16-минутта  Лукас Подольски көзге түссе, 18-минутта Жервиньо екінші болып «Монпелье» қақпасынан саңылау тапты. Сол арқылы Арсен Венгердің шәкірттері тиісті жеңістеріне қол жеткізді.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

 

Л. Лига