Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Алматыда Азияның мықтысы анықталады

Алматыда Азияның мықтысы анықталады

Алматыда Азияның мықтысы анықталады

Алматыда 17-21 қыркүйек аралығында барлық жас аралығы мен барлық категорияда зілтемірді жатып көтеруден Азия Чемпионаты өтеді. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Азия Пауэрлифтинг Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Айта кетелік, Азия Пауэрлифтинг Федерациясы IPF нұсқасы бойынша пауэрлифтингтен әлемдік федерацияның мүшесі болып табылады. Шараның мақсаты Қазақстан мен Азия аймағында пауэрлифтинг спортын дамыту, осы арқылы қоғамды спортқа баулу, сонымен қатар, спортшылардың шеберлігін арттырып, мықтының мықтысын анықтау.

Шараны Қазақстан Республикасының пауэрлифтинг, бодибилдинг, фитнес және бодифитнес федерациясы «CLASSIS» спорт кешенімен бірігіп ұйымдастыруда. Чемпионаттың абыроймен өткізілуіне, сонымен қатар, Алматы қаласы әкімшілігі, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР туризм және спорт агенттігі өз үлестерін қоспақ.

Байрақты бәсекенің құрметті қонақтары ретінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, ҚР туризм және спорт агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев, Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Хайырболат Хайдаров, пауэрлифтингтен Азия федерациясының президенті Сусуму Ёшида, пауэрлифтингтен Азия федерациясының бас хатшысы Субрата Дутта және пауэрлифтингтен Әлемдік федерацияның президенті Ханни Смит шақырылып отыр.

Біріншілікке Азия құрлығының 20 елінен келген пауэрлифтингтен Әлем және Азия чемпиондары қатысады.

Чемпионаттың өткізілу орны мен уақыты:

  • Алматы қаласы, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы. Абай көшесі, 44 (Байтұрсынов көшесінің қиылысы).
  • Чемпионат 18.09.2012 - 21.09.2012 аралығында күн сайын сағат 10.00 - 18.00 аралығында өткізіледі.
  • Чемпионаттың ресми ашылу салтанаты 18.09.2012 күні сағат 16.00-ге белгіленіп отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: t-nation.com

875 0
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 12 қыркүйек 2012, 14:54
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...