Швеция мен Қазақстан. Бір кем дүние

Швеция мен Қазақстан. Бір кем дүние

2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің аясында Қазақстан құрамасы Швеция құрамасымен кездесу өткізді. "Хабар" арнасы арқылы берілген бұл ойын тағы да біздің пайдамызға шешілмеді. Есеп:2:0. 

Ибра бастаған ойыншылардың қай жағынан болмасын күшті екендіктері танылып тұрды. Сәт сайын олар ұйымдастырған шабуылдар өткір болды. Сәт сайын олардың қорғаушылары қауіптің бетін қайтара алды. Осының бәріне қарамастан, қазақстандық футболшылардың жақсы ойын өрнегін көрсетулеріне болатын еді. Алайда...

"Айтуға сөз жоқ, атуға оқ жоқ" - дегендей өз айып алаңында доптан айырылып қалып жүрген қазақ футболшылары Мальма қаласында білгендерінен және біліктерінен жаңылды. Қарап отырып Ибраның өнеріне сүйіндік. (Қазақтан қай күні талантты футболшы шығады екен?).

Қысыр сұрақты қойып отырған жан-дүниені де аяп кетесің. Өз елім деп өзектері тала отырып қолдау білдіретін қазақ жанкүйерлерін аяп кетесің. Ал бізді қазақ футболшылары аямайды...

Швеция - Қазақстан - 2:0 (1:0)

Голдар: Эльм, 37 (1:0); Берг, 90 (2:0);

Ескертулер: Элмандер 27, Ибрагимович 75 - Шахметов 65

Швеция: Исакссон, Лустиг, Ольссон, Гранквист, Эльм (Свенссон 64), Ларссон, Ибрагимович, Эльмандер (Берг 85), Вернблум, Сафари, Тойвонен (Байрами 56)

Қазақстан: Сидельников, Киров, Кислицын, Нұрдәулетов, Богданов, Остапенко (Шахметов 46), Шмидтгаль, Шабалин (Исламхан 84), Нөсербаев (Гридин 68), Дмитренко, Рожков

Төреші: Сергей Бойко (Украина)

11 қыркүйек. Мальма. "Мальма Нью Стэдиум"


сурет:sportinglife.aol.co.uk

Дайындаған:Фараби Бақыт

Л. Лига