"Барыс" КХЛ-дегі алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты

"Барыс" КХЛ-дегі алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты

Қазақстандық "Барыс" клубы 2012/2013 маусымындағы Континенталдық хоккей лигасындағы (КХЛ) алғашқы кездесуінде жеңіліске ұшырады. Астаналықтар Мәскеуде өткен матчта жергілікті "Динамодан" 1:5 есебімен жеңіліп қалды.

"Барыс" қақпашысы алғашқы шайбаны 16-минутта жіберіп алды. "Динамоға" алғашқы ұпайды Константин Касянчуктың пасын оңтайлы пайдалана білген Юрий Бабенко сыйлады. Екі минуттан соң, Касянчуктың өзі мергендігімен көзге түсті.

Екінші периодта мәскеуліктердің басымдылығын Рихард Гюнге нақтылай түсті. Екінші үзілістен кейін ол екінші рет қазақстандық қақпашыдан айласын асырды. Қазақстандықтар бұдан кейін Талғат Жайлауовтың шеберлігінің арқасында алғашқы шайбасын қанжығасына байлады. Дегенмен 52-минутта Гюнге мергендігін тағы бір паш етті.

Жалпы есеп: 1:5

"Барыстың" келесі ойыны ертең, яғни, 8 қыркүйекте Санкт-Петербургта СКА-ға қарсы өтеді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: vesti.kz