Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Рыпакова жеңістерімен қуантуын тоқтатар емес

Рыпакова жеңістерімен қуантуын тоқтатар емес

Рыпакова жеңістерімен қуантуын тоқтатар емес

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова қазақстандық жанкүйерлерді жеңістерімен қуантуын толастатар емес. Жеңіл атлет қыз Лозаннада өткен "Бриллиант лигасының" 11 сатысында үш қарғып секіруден жеңіске жетті.

27 жастағы спортшы өзіне тиесілі 6 мүмкіндіктің үшеуін ғана пайдаланып, 14,45, 14,68 және 14,56 метр нәтиже көрсетті. Отандасымыздың бәсекелестері 14,45 метрден де әрі секіре алмады. Тек украиндық Ольга Саладуха ғана 14,42 метр нәтиже көрсетіп, Рыпаковадан кейінгі орынға жайғасты. Үшінші орында 14,39 метр нәтиже көрсеткен Татьяна Лебедева.

"Бриллиант лигасы" жеңіл атлетикадан жыл сайын өткізіліп жүрген коммерциялық сайыстардың сериясы. Бәсекенің ұйымдастырушысы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы. Спортшылар бағдарламаның әрбір түрінен 7 рет сайысқа түседі. Осылайша әр кездесу сайын ұпай жинайды. Финалда жиналған ұпайлар екі еселенеді. Сайыстың финалы Цюрихте немесе Брюссельде өткізіліп жүр.

Айта кетелік, Лондонда өткен Олимпиадалық ойындарда Рыпакова 14,98 метр нәтиже көрсетіп, алтын медальға ие болды. Өскемендік спортшының үш қарғып секірудегі ең жоғарғы нәтижесі 15,25 метр. Бұл көрсеткішке жеңіл атлет 2010 жылдың 4 қыркүйегінде Хорватияда жеткен болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: thenews.kz

1224 4
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 24 тамыз 2012, 17:35
Пікірлер
+0
24 тамыз 2012, 17:37

Разымын!

+0
24 тамыз 2012, 23:39

Іріген ауыздан шіріген сөз шығады дей. Еркебұлан "Рыпакова жеңістерімен қуантуын тоқтатар емес" деген не тақырып. Отандасымыз әлемдік додада топ жарып жатыр емес пе? Неге қуанбасқа. Сен алып келіп, тоқтатар емес дейсің! Ольганың орнына орыс немесе өзбек топ жарса разы болып болып "Рыпакова топ жаруын тоқтатты" деп тақырып қояр ма едің? Орыс болса да еліміздің намысын абыроймен қорғап жүр. Қуансайшы, сауатсыз!

+0
29 тамыз 2012, 10:41

соны айтам, неткен сауатсыздық! :oops: "Тоқтатар емес" Осы сайт жақсы-ақ. Бірақ арасында кейбір жас тілшілеріміздің қазақтың бай тілін дұрыс пайдалана білмеуі, басқа тілден аударып жазған материалдарын оқығанда :x

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев