"Реалдың" ресми сайтында Модричтің профайлы пайда болды

"Реалдың" ресми сайтында Модричтің профайлы пайда болды

Мадриттік "Реалдың" ресми сайтында жаздың басынан бастап ауысымы жайлы келіссөздер жүргізіліп келген лондондық "Тоттенхэмнің" жартылай қорғаушысы Лука Модричтің профайлы пайда болды.

Хорват жартылай қорғаушысы 2012 жылдан бастап "Реалдың" ойыншысы деп көрсетілген, ал бұрынғы клубы ретінде "Тоттенхэм" жазылған (2008-2012). Алайда, көп кешікпей футболшының профайлы өшіріліп, оның аты Null Null-ға ауыстырылды.

Goal.com-ның ақпаратына сенер болсақ, испандық клубтың өкілдері осы оқиғаны хакерлердің ісі деп мәлімдеуде. Қазіргі таңда хорват футболшысы жеке бағдарлама бойынша "Тоттенхэм" клубында жаттығу жұмыстарын жасауда.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: vesti.kz

Ж. FM