Бокстан Ғалым Жарылғапов атындағы турнирдің жеңімпаздары анықталды

Бокстан Ғалым Жарылғапов атындағы турнирдің жеңімпаздары анықталды
Фото: kfb.kz

Қарағанды қаласында бокстан ҚазССР-дің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир мәресіне жетті. Үш күнге созылған шаршы алаңдағы жекпе-жектер қорытындысы бойынша үздік боксшылар анықталды.

Серік Сәпиев атындағы боксты дамыту орталығында өткен жарысқа еліміздің үздік боксшыларымен қатар, Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елінен келген боксшылар да бақ сынады.

Ұлттық құрама бапкері Мырзағали Айтжанов қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің бабын байқады. Команда сапына алатын боксшылардың есімін атамағанмен, кей боксшылардың жеңілісі таңдандырғанын жасырған жоқ.

- Ұлттық құрамаға шақыртылатын боксшылардың есімін қазір айту ерте. Өйткені, алда талай іріктеулер бар. Боксшылардың бабын байқадық. Тіпті, таңдандырғандары да бар. Бізде 75 пен 81 келіге дейінгі салмақтағы орындарға талас жоғары. Қосалқы құрамдағы боксшылардың дәрежесі өскені байқалды. Бірінші нөмірлі боксшыларға қарсы қалай жұдырықтасқанын көрдік. Талас қызу болады. Алдағы уақытта жалпы физикалық дайындығын қарайтын боламыз. Халықаралық турнирлерге қатыстырамыз, - деді Мырзағали Айтжанов.

Биылғы додада жанкүйерлер күтпеген нәтижелер де орын алмай қалған жоқ. Мәселен, ұлттық құраманың белді мүшелері саналатын Ілияс Сүлейменов (52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі) пен Әділбек Ниязымбетов (81 келі) қола жүлдені қанағат тұтса, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы күміс жүлдегер атанды.

Жарыс қорытындысы:

49 келі:

1-орын: Ақниет Балтабаев (Қарағанды обл).
2-орын: Хенг Лю (ҚХР).
3-орын: Бағдат Толыбаев (Астана).

52 келі:

1-орын: Азамат Исақұлов (Маңғыстау обл).
2-орын: Нұрғазы Жүсіпов (ОҚО).
3-орын: Ерлан Тамемов (Павлодар обл), Ілияс Сүлейменов (Астана).

56 келі:

1-орын: Айдар Иманғалиев (Алматы).
2-орын: Сардор Музафаров (Өзбекстан).
3-орын: Қайрат Ералиев (ОҚО), Қуаныш Сабыр (Павлодар обл).

60 келі:

1-орын: Маймати Әбдірайым (ҚХР).
2-орын: Оразхан Ергеш (Қарағанды обл).
3-орын: Нұртас Әжбенов (Ақтөбе обл), Сергей Макарихин (Қарағанды обл).

64 келі:

1-орын: Андрей Лейхнер (Алматы обл).
2-орын: Айдар Әмірзақов (ШҚО).
3-орын: Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды обл), Тимур Пірназаров (Қарағанды обл).

69 келі:

1-орын: Бобо-Усмон Батуров (Өзбекстан).
2-орын: Алмаз Тілеубергенов (Астана).
3-орын: Сағадат Рахманқұлов (Жамбыл обл), Сергей Карбивнычий (Қостанай обл).

75 келі:

1-орын: Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда обл).
2-орын: Жәнібек Әлімханұлы (Алматы обл).
3-орын: Влад Столбовский (Қарағанды обл), Абай Төлеш (ОҚО).

81 келі:

1-орын: Нұрзат Сабыров (ОҚО).
2-орын: Арман Рысбек (Алматы обл).
3-орын: Азизжон Маматов (Өзбекстан), Әділбек Ниязымбетов (Маңғыстау обл).

91 келі:

1-орын: Алексей Севостьянов (Қарағанды обл).
2-орын: Темірлан Қабиев (Қостанай обл).
3-орын: Бекнұр Дәуітбаев (Қарағанды обл), Айбек Ерметов (Алматы).

+91 келі:

1-орын: Әли Балоев (Алматы обл).
2-орын: Әбулати Абдісамет (ҚХР).
3-орын: Айбек Жұмсақбаев (ШҚО), Ахмет (ҚХР)

Айта кетейік,  Ғалым Жарылғапов атындағы турнир 1986 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

О. Сансызбай