Премьер-лига. «Ордабасы» «Ақтөбе» адуынын баса ма?

Премьер-лига. «Ордабасы» «Ақтөбе» адуынын баса ма?

Бүгін футболдан ел премьер-лигасының ХІV тур ойындары өтеді. Назарларыңызға ойындар алдындағы шолуымызды ұсынамыз.

ХІV турдың орталық кездесуі Шымкент қаласында өтеді. Олай айтуымызға да себеп жоқ емес. Жаңа маусымда «Ордабасы» мен «Ақтөбе» әлі жеңіліс тауып көрген жоқ. Ақтөбеде өткен бірінші ойында 0:0 есебі тіркелген болатын.

Виктор Кумыков жаттықтыратын клубтың ойын мәнері жанкүйерлерді таңдандырып келеді. Қорғанысты назарда тыс қалдырмауға тырысатын шымкенттік ұжым гол соғуға берілген өз мүмкіндіктерін мүлт жібермеуге тырысып ойнайды. Бірақ соңғы сәттегі қателіктері тең нәтиже «сыйлап» келеді. Ал «Ақтөбе» соңғы тоғыз ойында ұпай жоғалтқан жоқ. Ойын жүйесіне адуын қосқан ұжым 29 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында келеді. Өзге клубтардан 4 ұпайға озып кеткен. Жанкүйерлер үшін Шымкентте қандай есеп тіркелетіні айтпаса да қызықты.

ХІV турдағы тартысты кездесулердің бірі Астанада өтеді. Жергілікті «Астана» өз алаңында «Атырауды» қабылдайды. Жаңа маусымдағы бірінші ойында 1:1 есебі тіркелген. Екі клубтың да еншісінде 25 ұпайдан бар. Қонақтар соңғы 7 турда жеңіліс тапқан жоқ.

Талдықорғанда «Жетісу» Көкшетаудың «Оқжетпес» клубымен 3 ұпайды сарапқа салады. Қазіргі таңда алаң иелерінің еншісінде 7 ұпай ғана болса, Владимир Мұқанов жаттықтыратын ұжымда 19 ұпай бар. Екі клуб арасындағы бірінші ойында «Оқжетпес» екі доп басымдығымен жеңіске жеткен болатын.

Алғашқы алтылыққа ілігуге мүмкіндігі бар клубтардың қатарына «Тобыл» мен «Ертісті» қосуға болады. Қазір екі клубтың арасын екі ұпай ғана бөліп тұр. Сондықтан да Қостанайда өтетін ойынның маңызы жоғары. Соңғы турда қостанайлық клуб Көкшетауда «Оқжетпеске» ұтылып қалса, «Ертіс» өз алаңында «Қайсарды» 4:2 есебімен жеңген еді.

Қызылорданың «Қайсар» клубы ХІV турда барын салары сөзсіз. Себебі, жақын уақытта клуб ойыншыларының жалақысы төмендейтіні туралы айтылды. Оған ойыншылардың өзі кінәлі. Жаңа маусымдағы төменгі нәтижелері үшін облыс басшылығы осындай шешім қабылдаған. Ал тағы ұпай жоғалтар болса Дмитрий Огайдың қызметтен кетуі де бек мүмкін. Ал «Шахтердың» ойыны оңалар емес. ХІІІ турдан бар болғаны 7 ұпай ғана жинап, соңғы орында тұр.

Алматының «Қайрат» клубы өз алаңында «Таразды» қабылдайды. Бұл кездесудің фавориті алаң иелері екені белгілі. Десе де жаңа маусымда екі рет өзара кездесу өткізіп үлгерген нәтиже бойынша қонақтарды да осал деп қарауға келмейді. Егер Евгениий Яровенко кубок жолындағы ойыннан кейін ұстанатын жүйесін жасақтай білсе, ұпайсыз қайтпауы да мүмкін. Бірақ, дәл қазіргі уақытта «Тараздан» гөрі «Қайраттың» бабында екенін айта кеткен жөн.

«KazSport» арнасы «Атырау» мен «Астана» клубтары арасындағы ойынның бірінші таймын тікелей эфирде көрсетсе, екінші таймын 21:00-де көрермендеріне ұсынады. Бірінші таймнан кейін Алматыдағы «Қайрат» пен «Тараз» кездесуін көрсететін болады.  

Орын  Клуб Ойын Жеңіс Тең нәтиже Жеңіліс Доптар Ұпайлар
1  "Ақтөбе" 13 8 5 0 17-6 29
2  "Астана" 13 7 4 2 27-13 25
3  "Ордабасы" 13 6 7 0 14-6 25
4  "Атырау" 13 7 4 2 15-11 25
5  "Қайрат" 13 6 3 4 24-10 21
6  "Оқжетпес" 13 6 1 6 14-16 19
7  "Тараз" 13 5 2 6 11-11 17
8  "Тобыл" 13 4 2 7 12-21 14
9  "Ертіс" 13 2 6 5 17-20 12
10  "Қайсар" 13 2 6 5 7-13 12
11  "Жетісу" 13 1 4 8 7-21 7
12  "Шахтер" 13 1 2 10 7-24 5
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты