Көк байрақ Тінәлиевтің қолында

Көк байрақ Тінәлиевтің қолында

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Мемлекеттік туын Ұлттық олимпиада құрамасының капитаны, грек-рим күресінің палуаны Нұрмахан Тінәлиевке табыстады.

27 шілде мен 12 тамыз аралығында Лондонда өтетін Олимпиада ашылуында көк байрағымызды Нұрмахан Тінәлиев алып жүретін болды. Назарбаев туды ұсына отырып, қазақстандықтар тек жеңіс күтетінін тағы бір мәрте еске салды. Ал Тінәлиев болса өз кезегінде қойылған мақсаттарға жету үшін команда барын салатынын айтты. Сонымен қатар, елбасымыздың арқасында туымыз көптеген елдерде желбірегенін атап өтті. "... Енді әлем спортшыларына өте маңызды жарыс – Олимпиадада көтереміз. Бүгінгі сіздің тілегіңіз бен батаңыз бүкіл қазақ елінің тілегі деп білеміз, және қойылған мақсаттарды абыроймен іске асыруға тырысамыз ", - деді Тінәлиев.

Нұрмахан Тінәлиев бүгінгі таңда грек-рим күресі бойынша белді балуандардың бірі. 2010 және 2011 жылғы әлем чемпионаттарының қола жүлдегері. Екі жыл бұрын Гуанчжоуда өткен әлем чемпионатынды бірінші орыннан көрінген. 

Сурет: sport.bugin.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina