Еуропа чемпиондары олимпиадаға жол тартты

Еуропа чемпиондары олимпиадаға жол тартты

Лондонда өтетін олимпиада ойындарына қатысатын Испания құрамасының қатарына Хорди Альба, Хуан Мата және Хави Мартинес секілді ойыншылар барып қосылды. 

"Барселона" командасының болашақ ойыншысы Хорди Алба Еуро-2012 турнирінің жеңімпазы атанды. Финалдық ойынның аясында екінші шешуші голды соқты. Оған қоса турнир барысындағы көрсеткен ойын өрнегі көпшіліктің көңілінен шықты. Ендігі кезек 2012 жылғы Лондонда өтетін олимпиада ойындары. Бұл қатарда "Челси" командасының ойыншысы, соңғы финалда ғана алаңға шыққан Хуан Мата да бар. 

Сонымен біздің айтқымыз келіп отырғаны, олимпиада ойындарына қатысатын Испания құрамасының 18 ойыншысының тізімі белгілі болды. Толықтай алғанда 22 ойыншы шығып отыр. Қысқасы, Испания құрамасы төмендегі құрамда: 

Қақпашылар: Давид де Хеа («Манчестер Юнайтед», Англия), Диего Мариньо («Вильярреал»), Жоэль Роблес («Атлетико»);

Қорғаушылар: Мартин Монтойя, Хорди Альба (екеуі де – «Барселона»), Сесар Аспиликуэта («Марсель», Франция), Альберто Ботиа («Спортинг»), Альваро Домингес («Боруссия» М, Германия), Иньиго Мартинес («Реал Сосьедад»), Микель Сан Хосе («Атлетик»);

Жартылай қорғаушылар: Хуан Мата, Ориоль Ромеу (екеуі де – «Челси», Англия), Хави Мартинес, Андер Эррера (екеуі де – «Атлетик»), Тьягу Алькантара («Барселона»), Иско («Малага»), Коке («Атлетико»);

Шабуылшылар: Икер Муньяин («Атлетик»), Адриан Лопес («Атлетико»), Кристиан Тельо («Барселона»), Родриго («Бенфика», Португалия), Альваро Васкес («Эспаньол»).

Олимпиада ойындарының аясында Испания құрамасының ең бірінші ойыны шілде айының 26 жұлдызында өтеді. Д тобындағы қарсыластары болып саналатын Жапония, Гондурас, Марокко құрамаларымен күш сынасатын болады. 

Сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига