Лондонда өтетін олимпиада ойындарының ресми әні белгілі болды

Лондонда өтетін олимпиада ойындарының ресми әні белгілі болды

27 шілдеде Лондонда өтетін олимпиада ойындарының ашылу салтанатында британдық "Muse" атты рок-тобының "Survival" композициясы сүйемелденіп тұрмақ. Және теледидар бетінен күні-түні орындалып тұратын композицияны спортшыларды марапаттау кезінде де еститін боласыздар.   

Рок-тобының сөзіне сенсек, аталған ән спортшылардың жеңіске деген рухтарын шыңдай түседі екен. Топтың жеке орындаушысы Мэтт Беллами ұзақ уақыт "олимпиада" деген ұғымды қайталап жүріп қана әннің сөзін жаза алған екен. 

"Muse" рок-тобы 1994 жылы құрылған. Құрамында үш адам бар: жеке орындаушы және гитаршы - Мэтт Беллами, бас гитаршы - Крис Уолстенхолм, соғымпаз - Доминик Ховард. Жеке топ болғалы MTV Europe Music Awards, Q Awards, NME Awards, Brit Awards, Kerrang Awards, Grammy сияқты марапаттарды иеленген.

Сурет: tengrinews.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига