Су добы. Соңғы нәтижелермен таныс болыңыздар

Су добы. Соңғы нәтижелермен таныс болыңыздар

Оқырмандарды Алматыда өтіп жатқан ерлер арасындағы су добынан Әлемдік лиганың суперфиналындағы оқиғалар туралы таныстырып келгенбіз.

Назарларыңызға соңғы жаңалықтарды ұсынамыз.

1. Қазақстан құрамасы топтық айналымдарда Қытай құрамасынан бағын асыра алмай, үшінші рет жеңіліске ұшырады. Нәтижесіенде жерлестеріміз А тобында соңғы орынға табан тіреді. 

А тобы. 3 айналым. Қытай - Қазақстан - 8:8 (3:2, 2:2, 2:3, 1:1). Пенальти: 5:4

2. Испания құрамасы соңғы айналымда Австралия спортшыларынан айласын асырып, В тобында екінші орынға тұрақтады.

В тобы. 3 айналым. Австралия - Испания - 7:8 (2:0, 2:2, 0:4, 3:2)

3. Италия құрамасы топтағы соңғы айналымда АҚШ-тықтарды жеңді. Осылайша А тобының көшбасшысы атанды.

А тобы. 3 айналым. Италия - АҚШ - 7:5 (2:3, 3:0, 0:2, 2:0)

4. Хорватия құрамасы өз кезегінде бразильдіктерді жеңіп, В тобының алдына шықты.

В тобы. 3 айналым. Хорватия - Бразилия - 20:3 (3:2, 7:0, 6:1, 4:0) 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Фото: Владимир Дмитриев