Су добы. Қазақстандықтар пенальти сериясында жеңіліс тапты

Су добы. Қазақстандықтар пенальти сериясында жеңіліс тапты

Су добынан өтіп жатқан әлемдік суперфиналда Қазақстан құрамасы екінші рет жеңіліске ұшырады.

Итальяндықтар Арнальдо Десертидің арқасында ойын бастала салысымен алғашқы голға ие болды. Қазақстандықтар өзі кезегінде қарымта жауап қайтарып, Владимир Ушаков таразы басын теңестірген еді. Дегенмен бірінші периодтың соңына дейін Италия құрамасы Николай Максимовтың қақпасын екі рет есеңгіретті.

Екінші периодта да итальяндықтар жылдамдығымен көзге түсті. Қонақтар период бастала салысымен біздің қақпаға бір гол соқты. Қазақстандық Евгений Жиляев өз кезегінде 2 голдық авторы атанса, Равиль Манафов та құрамамызға бір доп сыйлады. Екінші перидтың жалпы есебі: 5:3

Үшінші периодтың басында жерлестеріміз тағы да бірден доп жіберіп алды. Дегенмен жауап ретінде қарсыластардың қақпасын 3 гол сала білді. Шеберлігімен Равиль Манафов, Михаил Рудай және Алексей Шмидер көзге түсті.

Соңғы сегізминуттықта Рустам Укуманов есеп айырмасын бір допқа қысқартқан еді. Дегенмен Кристиан Прешутидіңдобы есеп айырмасын үлкейте түсті. Бірақ жерлесіміз Ушаковтың екі добынан соң период тең есеппен аяқталды (10:10).

Әлемдік Лиганың ережелері бойынша, ойынның тең есеппен аяқталуына жол берілмейді. Ойын соңында өткен пенальтиде Италия құрамасы 3:0 еебімен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетелік, осыған дейін итальяндықтар Қытай құрамасын 10:9 есебімен жеңсе, қазақстандықтар 8:11 есебімен АҚШ құрамасынан жеңіліп қалған болатын. Сонымен қатар америкалықтар Қытай құрамасын 6:4 есбімен тізе бүктірген болатын.

Плэй-оффқа жинаған ұпайларына қарамастан барлық құрамалар өтетіндігін айтып өтелік. 

Сонымен:

Су добынан ерлер арасындағы Әлемдік лиганың суперфиналы.

А тобы. 2 айналым. Италия - Қазақстан - 10:10 (3:1, 5:3, 1:3, 1:3). Пенальти: 3:0

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Фото: Владимир Дмитриев