АҚШ құрамасы Әлемдік лигадағы екінші жеңіске жетті

АҚШ құрамасы Әлемдік лигадағы екінші жеңіске жетті

Американдықтар су добынан ерлер арасындағы Әлемдік лига суперфиналында кезекті рет жеңіске жетті. Олар Қытай ватерполшыларын 6:4 есебімен тізе бүктірді. 

АҚШ құрамасы 16 минут ішінде 3:1 есебімен жеңе тұрып сенімді 2 период өткізді. Үшінші периодта Қытай құрамасы 1 допқа есеп айырды. Алайда соңғы 8 минутта амеркандықтар ойынды өз қолдарына алып, Алматы қалсында өтіп жатқан турнирде өздерінің екінші жеңісіне жетті. 

Айта кетсек, бұдан бұрын АҚШ құрамасы Қазақстан құрамасымен кездесуде 11:8 есебімен жеңіске жеткен еді. 

А тобы. 2-тур. АҚШ-Қытай - 6:4 (2:1, 1:0, 1:2, 2:1)

Дайындаған: Ғани Тұрғымбеков

Сурет: desktopwallpaperspace.com

Ж. FM