Су добы. Хорватия чемпионаттағы екінші жеңісін атап өтті

Су добы. Хорватия чемпионаттағы екінші жеңісін атап өтті

Хорватия құрамасы ерлер арасында өтіп жатқан су добынан Әлемдік лиганың суперфиналындағы екінші жеңісін атап өтті.

Екінші айналымдағы матчта Хорватия испандықтармен кездесті. Алғашқы периодта-ақ хорваттықтар өзіннің басымдылығын анық байқатты. 2 доп есеп айырмасымен бүкіл период бойы тізгінді өз қолында ұстады. Екінші периодта бұл айырмашылық 3 голға дейін артты. Ойынның соңына қарай Испания құрамасы тіріліп, қарқынды шабуылдар ұйымдастырса да, жеңіске жете алмады. Осылайша матч 7:6 есебімен Хорватияның пайдасына шешілді. 

Бұған дейін оқырмандарға Хорватия Австралияны 14:11 есебімен ұтса, испандықтардың Бразилияны 8:3 есебімен жеңгендігін айтқан болатынбыз.

Сонымен:

Ерлер арасындағы су добынан Әлемдік лиганың суперфиналы.

В тобы. Хорватия - Испания - 7:6 (4:2, 1:0, 1:2, 1:2)

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: prosportkz.kz