"Арсенал" cапында Подольски

"Арсенал" cапында  Подольски

"Арсенал" командасының атқарушы директоры Иван Газидистің айтуы бойынша, жазғы транцферлік маусымда команда сапына бір ойыншы ғана ауысуы мүмкін. Ол - "Кельн" командасының шабуылшысы Лукас Подольски.

Анығы, сәуір айында "канонирлер" сапына  ауысу үшін неміс шабуылшысына 10,9 миллион фунт төленетін болып шешілген. Аталған ауыс-түйісті атқарушы директор маңызды келісімге жатқызады. Оның ойынша, командаға сан емес, сапа керек сыңайлы. Және шабуылшының тез арада ауысып келуін жасырмай айтты: "Осы жылы Чемпиондар Лигасы қызықты болайын деп тұр. Лукасты иеленгіміз келіп отырғаны соның бір мысалы... Енді осынау чемпионат кезінде біздің жақтаушылар Лукастың ойынына өздері баға бере алады. Менің ойымша, ол өзін барлық қырынан танытады. Мықты ойыншының аты мықты ойыншы!"

"Ғажап емес пе, Лукас тек доп соғып қана қоймайды, алаңның кез келген қапталында ойнай береді. Біз әмбебап ойыншыны сатып алып отырмыз. Ол "Арсеналдың" деңгейінде ойнай алады. Осы жолғы таңдау жақсы болды"-деп ағынан жарылды Иан Газидис журналистерге берген сұхбатында.

Сурет: liveinternet.ru

Л. Лига