"Қайратты" "Барселонаның" бұрынғы ойыншысы жаттықтыратын болады

"Қайратты" "Барселонаның" бұрынғы ойыншысы жаттықтыратын болады

Алматылық "Қайрат" футбол клубының бас бапкері қызметіне "Барселона" және "Вселенсия" клубтарында өнер көрсеткен Хосе Перес Серер тағайындалды. Бұл туралы massaget.kz тілшісі хабарлады.

Осы орайда "Қайрат" ФК бақылау кеңесінің төрағасы  Қайрат Боранбаев туиттерінде: "Pepe Serer" - "Қайрат" футбол клубының жаңа бапкері. Ол "Валенсия" мен "Барселонанның" бұрынғы ойыншысы. Бәрімізге сәттілік!" - деп жазыпты. 

"Қайрат" бас бапкерінен Дмитрий Огаймен келісім-шартты бұзған соң айырылып қалған болатын. 

Айта кетелік, алматылық клубтың жаңа жаттықтырушысын таныстыру салтанаты Алматы Орталық стадионының баспасөз орталығында өтеді. 

Хосе Перес Серер 1966 жылы 4 мамыр күні Кварта-де-Валбес, Валенсияд дүниеге келген. "Мальюрка" және "Вильярреал" секілді клубтарда өнер көрсеткен. 1989 жылы "Барселона" сапында Кубоктар Кубогының иегері атанды.

Сурет: tengrinews.kz

Ж. FM