Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде есе жіберді

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде есе жіберді

Ереванда өткен жолдастық ойында Қазақстан құрамасы Армения құрамасымен өткен ойында 3:0 есебімен жеңіліс тапты.

Алаң иелері ойын тағдырын бастапқы минуттардан-ақ қолға алды. Кезекті шабуылдардың бірінде, 9 минутта Генрих Мхитарян қапталмен өтіп барып, айып алаңына доп тастайды. Қас-қағым сәтті күтіп тұрған Геворг Казарян келген допты өкшесімен бағыттай салады. Есеп: 1:0. Одан кейін біздегілерден ықылас кетті десе де болады. Ал Армения құрамасы шабуыл үстіне шабуыл қосып, қақпа маңынан саңылау іздеп көрді. Бірінші ойын бөлігінің аяғына қарай, алаң иелеріне ойынды түпкілікті шешуге мүмкіндіктері болды. Бұл жолы тағы да Казарян қорғаушыларды алдап барып, есеп санын 2:0-ге жеткізді. Одан кейінгі тағы да бір кезекті шабуылдар кезінде Эра Мовсисян арадағы айырманы 3-ке дейін ұзартты. 

Екінші ойын бөлігінде алаң иелері білгендерінен жаңылмады. Бірақ, гол соғудың еш реті келмеді. Армения ойыншылары тепкен доп қайта-қайта қақпа бағанасынан кері серпіліп жатты. Ойын өстіп аяқталды да. Алаң иелерінің пайдасына 3:0 есебі тіркелді.

Айта кетсек, УЕФА рейтінгісінде Армения құрамасы 47 орында орналасқан. Ал Қазақстан құрамасы 137 орынды місе тұтып тұр.

Жолдастық кездесу. Армения - Қазақстан - 3:0 (3:0)
Голдар: Казарян, 9 минутта (1:0); Казарян, 39 минутта (2:0); Мовсисян, 43 минутта (3:0).
Ескертулер: Энгель, 46 минут.
Армения құрамасы: Каспаров, Овсепян (Оганисян, 80), Арзуманян, Алексанян, Едигарян, Мхитарян, Мкртчян (Маноян, 46), Казарян, Айрапетян (Саркисов, 46), Пизелли (А. Едигарян, 62), Мовсисян (Бадоян, 87).
Қазақстан құрамасы: Сидельников, Киров, Рожков, Мұхтаров (Гурман, 46), Энгель (Кургулин, 86), Нұрдәулетов, Исламхан (Шахметов, 57), Қонысбаев (Нөсербаев, 52), Шмидтгаль, Остапенко (Гридин, 70), Жолшиев (Тәжімбетов, 57).
Төреші: Мамука Кварацхелия, Заал Берулава, Иракли Уклеба (Грузия елінен).

Сурет: alaman.kz

Л. Лига