Усэйн Болт осы маусымның үздік спринтері атанды

Усэйн Болт осы маусымның үздік спринтері атанды

Әлемнің үш дүркін чемпионы әрі әлемдік рекордсмен Усэйн Болт осы маусымда 100 метрге жүгіруден үздік нәтиже көрсетті. Бұл туралы massaget.kz тілшісі хабарлады.

Римдегі "Бриллиант лигасының" үшінші кезеңінде ямайкалық спринтер дистанцияны 9,76 секундта жүгіріп өтті. Мәреге екінші және үшінші болып сәйкесінше жерлесі Асафу Пауэлл (9,91) мен француз Кристоф Леметр (10,04) жетті.

Өткен маусымның үздік нәтижесі де осы Болтқа тиесілі. Естеріңізде болса, желаяқ Ямайкадағы турнирде 100 метрлік дистанцияны 9,82 секундта жүгіріп өткен еді.

Осы дистанцияда Болттың орнатқан әлемдік рекорды 9,58 секунд екендігін айтып өтелік.

сурет: sport.segodnya.ua