"Бешикташ" еурокубоктан шеттетілді

"Бешикташ" еурокубоктан шеттетілді

УЕФА-ның апелляциялық инстанциясы "Бешикташ" және "Бурсаспор" клубтарын еурокубоктардан шеттеткенін растады. 

Бұдан бұрын, БАҚ өкілдері қаржы фэйр-плей мен лизенциялау ережелері бұзылғанына байланысты клубтарды күтіп тұрған жаза жайында хабарлаған болатын, алайда нақты жазалау шарасы белгісіз болған еді. Кезектен тыс мәжіліс нәтижесі бойынша, УЕФА комиссиясы алдағы маусымда "Бешикташты" еурокубоктардан шектету жайлы шешім қабылдап, клубқа 200 мың еуро айыппұл салды. Аталған құрама бес жыл ішінде дәл осылай ережелерді бұзатын болса, онда еуропалық клубтық турниріне қатыса алмайтын болады. 

"Бурсаспор" да дәл сондай ереже бұзушылығы үшін келер маусымда болатын еурокубоктарды жібереді. Сонымен қатар комиссия алғашында салынған айыппұл сомасын 200 мың евродан 50 мың қысқартуымен клубтың апелляциясын ішінара қанағаттандырды. 

Түркия чемпионаты нәтижесі бойынша 4-орынды иеленген "Бишикташ" командасының орнына келесі маусымда Еуропа Лигасында "Эскишехирспор" өнер көрсететін болады. Ал өз кезегінде "Бурсаспор" ұлттық біріншілікте 8-орынға табан тіреп, еурокубокқа өте алмады. 

Сурет: eurosport.ru

Ж. FM