Страмаччони «Интерді» 2015 жылға дейін жаттықтырады

Страмаччони  «Интерді»   2015 жылға дейін жаттықтырады

"Интердің" президенті Массимо Моратти Андера Страмаччонидің "нерадзуррилерді" әлі үш жыл жаттықтыратынын хабарлады. 

Миландық "Интер" командасының бас бапкері 2012-2013 жылға дейін жаттықтыруға келісім берген болатын. Содан міне, келісім де шегіне жетіп тұр.

Естеріңізде болса, 36 жасарлық бапкер Клаудио Раньеридің орнын басқан еді. Страмоччони келгелі бері "Интер" командасы тоғыз ойынның бесеуінде жеңіске жеткен-ді. Сөйтіп, алтыншы орнымен чемпионатты аяқтаған болатын. 

Тағы айтары, Массимо Моратти командаға "Наполиде" ойнайтын аргентиналық форвард Аурелио Де Лаурентисоны шақыруға ықылас білдірді. Және өзінің аталған футболшымен кездесетіні жөнінде де хабар тарата кетті.

Сурет: eurosport.ru

Л. Лига