Astana Arlans боксшысы WSB сериясының финалында өнер көрсетеді

Astana Arlans боксшысы WSB сериясының финалында өнер көрсетеді

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Руслан Мырсатаев Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жеке финалында қолғап түйістіретін болады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

Жерлесіміз финалда хорваттық спортшы Филипп Хрговичпен бәйгеге түсетін болады. Байрақты бәсеке 9 маусым күні өтеді деп күтілуде. Естеріңізде болса, Руслан WSB-ның бұл маусымында 5-орынға табан тіреп, финалдық бәсекеге шыға алмай қалған еді. Әйтсе де, финалға жолдама алған итальяндық Клементо Руссо мен беларусьтық Виктор Зуев Олимпиадаға дайындықтарын себеп қылып, ақтық қақтығысқа қатысудан бас тартқан соң, бос орынның бірін жерлесіміз басты.

Мырсатаев журналистерге берген сұхбатында: "Қазір менің дайындығыма қарағандылық жас боксшы көмектесіп жатыр. Уақыт тығыз болса да, бабыма тездетіп келіп, жеңісті қолдан бермеуге ниеттеніп отырмын", - деп ағынан жарылды.

сурет: baq.kz