"Астана" командасының кезекті жеңісі

"Астана" командасының кезекті жеңісі

Қазақстанның ішкі біріншілігінің 12-ші турында "Астана" командасы өз алаңында  "Ақтөбе"  командасын жеңді.

Біріншілік басталмас бұрын-ақ екі команда турнирдің көшбасшысы саналғаны жасырын емес. Алайда, 11 тур артта қалған кезде Астана командасы тоғызыншы орыннан ғана көріне алды. Ал "Ақтөбе" командасы - жетінші орын. Соның нәтижесінде, "Астана" командасына бапкер болып ұлттық құраманы жаттықтыратын Мирослав Беранек тағайындалған еді. Бапкер ауысқаннан бері "Астана " командасының аяқ-алысы жаман емес. Соңғы үш ойынның көрсеткіші адам қуантарлық: екі ойын жеңіспен аяқталса, бір ойын тең есебінде шешілген. 

"Астана" мен "Ақтөбе" комадасы арасындағы ойын күні бұрын мамандар тарапынан қызықты өтеді деп айтылған болатын. Солай болды да. Бірақ, екі мықты да айла-амалдарын ішке жасырып, қорғанып бақты. Бүкіл ойын қорғаныспен өтті десе де болады. Айтылып отырған сол қорғаныстың ең үздік үлгісін астаналықтар көрсете білді. Ойын есебі 1:0 болып аяқталды. Жалғыз голды Сергей Остапенко соғып, командаластарына жеңіс сыйлады. 

Сурет: fcastana.ucoz.ru

Л. Лига