"Ролан Гаррос". Шведова негізгі кезеңде

 "Ролан Гаррос".  Шведова негізгі кезеңде

Квалификация аясында румындық Елена Богданмен өткен финалдық ойын Шведованың пайдасына 6:1, 6:1 есебімен аяқталды. Ал бұл сәтте қазақстандық тағы да бір теннисші Сесиль Каратанчева америкалық Алексей Глатчпен ойын өткізіп жатқан болатын.

Қазақстандық теннисші Каратанчева  WTA рейтінгісінің 190 орнында орналасқан еді. Ал Глатч болса - 190 орын. Алайда, америкалық ойыншы еш қорықпастан бірінші сетте  6:2 есебімен басым түсті.  

Кезекті партия да америкалықтың басымдылығымен өтіп жатты. Сөйіп ойын барысында брейкке қол жеткізіп, 2:0 есебімен алға түсті. Бірақ, Каратанчева жайдан-жай басымдылықты бере салмады. Салған жерден есеп 3:3 болып теңесті. Алайда қазақстандық ойыншы өз басымдылығын көрсете алмады. Глатч қарсылас соққаларын жақсы қайтара білу арқылы, ойынның аяғын 6:4 есебімен өз пайдасына шешіп кетті.

Сурет: aktau-site.ru

Л. Лига