"Ролан Гаррос" квалификациясында Шведова мен Каратанчева үшінші айналымға өтті

"Ролан Гаррос" квалификациясында Шведова мен Каратанчева үшінші айналымға өтті

Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Сесиль Каратанчева Францияда өтіп жатқан ашық біріншіліктің квалификациясында үшінші айналымға жолдама алды. 

Щведова "Ролан Гарростағы" екінші ойынында америкалық Коко Вандевегемен кездесті. Қазақстандық теннисші екі сет бойынша 6:1, 6:2 есебімен басым түсті.  

Ал Каратанчеваның ойыны өте тартысты өтті. Алғашқы ойындарынан-ақ қазақстандық теннисшіден жақсы ойын күткен көрермен итальяндық Настасьей Барнеттпен болатын ойын тез шешіледі деп болжады. Алайда, алғашқы сет Барнеттің пайдасына 6:2 есебімен аяқталды. Бірақ, біздің қазақстандық ойыншы ойын барысында басымдылықты өзіне алып, қалған екі партияда 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 

Үшінші айналымда Шведова румындық теннисші Елена Богданмен, ал Каратанчева америкалық Алексой Глатчпен кездеседі.

Сурет: newskaz.kz


Л. Лига